Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қарағандыда тоқ соққан бала қайтыс болды. Жанында болған досы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Қарағандыда тоқ соққан бала қайтыс болды. Жанында болған досы оқиғаның мән-жайын айтып берді

Қарағандыда теміржол вагонына шығамын деп тоққа түскен 10 жастағы бала есін жимастан ауруханада көз жұмды. Денесінің 80 пайызы күйік шалып, өмір мен өлімнің арасында арпалысып жатқан балаға дәрігерлер араша түсе алмады. Вагонға шықпақшы болып ажал құшқан баланы досы оқиғаның қалай болғанын баяндап берді, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі КТК арнасына сілтеп.


«Ол «жүр вагонға шығайық» дегенде мен қарсы болдым. Бірақ, ол сонда да өзім шығамын деп кетіп қалды. Ол вагонға шыққанда сары бірдеңе лап етті. Көзімді аша қалсам, ол жерде жатыр. Содан мен қорқып, үйге жүгіріп кеттім»,-дейді куәгер Рафаэль Шегебаев.

Тоқ соғып жерде сұлап жатқан бала сол жерден өтіп бала жатқан адамдардан көмек сұраған. Баланы көрген ер адамдар оған тіпті жақындауға қорыққан. Теміржол маңы жергілікті балалардың сүйікті орны екені бәріне белгілі. Баланың қатты күйіп қалғанын көрген дәрігерлер оны вольт доғасы соққан деген ойда.
Қатты шошынып қалған бала не болғанын түсінбей, дәрігерлерге түсіндіре алмады. Алдын ала болжам бойынша, бала жүк пойызының вагонына шыққанда қатты тоқ соғып оны жерге бірақ ұшырған. Енді бұл оқиғаға қатысты «теміржол жолдарының қауіпсіздік ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Айта кетейік, кеше Қарағандыда теміржол вагонына шықпақшы болған баланы тоқ соғып, аурухана түскені жайлы хабарлаған болатынбыз.
Stan.kz
23 тамыз 2018 ж. 1 800 0