Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әйеліне ерегіскен ер адам төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберді

Әйеліне ерегіскен ер адам төрт жасар баласын тірідей өртеп жіберді

Ресейдің Челябинск облыстық соты 30 қазанда Өзбекстанның 31 жастағы тумасына төрт жастағы баласын тірідей өртеп жібергені үшін үкім шығарды, деп хабарлады centralasian.org.
Бахром Дадаханов бірге тұратын әйелмен ұрысып қалған. Ашуға булыққан ол өзін, әйелді және төрт жастағы баласын өлтіргісі келген, деп жазды жергілікті ақпарат құралдары.
Сотталушы ауладағы автокөлігінен канистрге бензин құйып әкелген. Үйінде ол бензинді үстіне, әйелге, бөлмедегі жиһазға төккен. Өрт шыққан уақытта Дадаханов әйелмен бірге үйден қашып шыққан, ал олардың баласы өртенген үйде қалып қойған.
"Тергеу кезінде Дадаханов үйді басқа біреулер өртеді деген. Бірақ жәбірленуші тарап бұны жоққа шығарды", — деді Челябинск облысы прокурорының аға көмекшісі Наталья Мамаева.
Бахром Дадаханов 19 жылға сотталды, ол жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтейді.

sputniknews.kz
31 қазан 2018 ж. 975 0