Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Психолог адам көретін түстердің мағынасын айтып берді

Психолог адам көретін түстердің мағынасын айтып берді

Адам неге бір түсті қайталап көреді? Не себепті қорқынышты не үрейлі түстер көреді. Бұл жайлы австралиялық психолог Мартина Коциан жауап берді.
Адамдар түсінде биіктен құлап, біреуден қашып, әлдекіммен төсек қатынасына түсіп немесе тісі түсіп қалғанын айтып жатады. Мартина Коциан түсінде тісі түсіп қалған адамның барлық уайымы сейіліп, бір ізге түседі деген болжамды айтады. Айтуынша, егер түсіңізде адам өлімін көрсеңіз, өміріңізде бір өзгеріс болады.
Түсінде әлдекімнен қашу адамның өмірде қандай да бір мәселеден қашып жүргеніңіздің белгісі. Яғни, кінәлі адамдар осындай түс жиі көреді.
Түсінде жоғарыдан құлау –  адамның тұрақсыздығын білдіреді. Түсінде өзгемен төсек қатынасына түсу – сол адамның жақсы қасиетін өзіне алуды қалағаны.
Адам түсінде шайтани құбыжықтарды көріп шошыса, өмірде өз бойындағы қасиетін байқамай жүргені. Егер сыртқа шыға алмай қамалып қалсаңыз, өмірде де осында шырмауға түскен жансыз.
Психолог маманның айтуынша, түс көру адамның психикасы мен денсаулығына тікелей байланысты болғандықтан, күйзелістен арылуына, көңіл күйдің реттелуіне оң әсер етеді.
Stan.kz
01 қараша 2018 ж. 6 235 0