Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Кеудесіне 2 рет оқ тиген: Өскемендегі шекара бекетінде 19 жастағы сарбаз мерт болды

Кеудесіне 2 рет оқ тиген: Өскемендегі шекара бекетінде 19 жастағы сарбаз мерт болды

Өскемендегі шекара заставасында төтенше жағдай орын алды. Шекараны күзетуге аттанған 19 жастағы Әлихан Қожагелдиновтің кеудесіне 2 оқ тиіп, қайтыс болды. Әскери бөлім командирлерінің сөзінше, жас жігіт өзіне қол жұмсаған. Алайда марқұмның анасы бұл нұсқамен келіспей отыр.

19 жастағы Әлихан әскерге шақырылғанда, анасы оны жібергісі келмгене екен. Жарты жыл әскери борышын өтеген сарбаз енді жарты жылдан кейін қайтып келуі тиіс болған. Алайда оның денесін табытпен алып келді. Анасына Әлиханның өз кеудесіне оқ атып көз жұмғанын айтқан.
«Жалғызбасты ана екенімді, ұлым жалғыз асыраушым екенін айтып, әскерге алып кетпеулерін өтіндім. Олар: «Тәте, сіздің 1,5 миллион теңге ақшаңыз бар ма? Бар болса, әрине. Ақшасын төлеңіз, сонымен болды», – деді. Мен Әлиханды білемін. Ол кінәлі емес. Ол мұндай әрекетке бармайды», – дейді марқұмның анасы Айгүл Қожагелдиева.
Әлихан Өскемендегі Ақжон заставасында әскери борышын өтеп жүрген. Ол жағдайына және өзімен бірге борышын өтеп жүргендерге шағымданбапты. Ал 17 қарашада ол ат үстінде шекараны күзетіп жүріпті. Жолда ол желді тежегіш-компенсаторды жоғалтып алған көрінеді. Бұл туралы заставадағыларға айтпаған Әлихан қасындағы серігі Артем  Дереглазовпен бірге оны өздері іздеген. Алайда таба алмағаннан кейін, жауапкершіліктен қорыққан Әлихан өзіне қол жұмсапты-мыс.
«Бұл фактілер Дереглазовтың сөзінің негізінде құрылды. Сену қиын. Егер адам өзін өлтіргісі келсе, неге басына оқ атпайды. Ол өзінің кеудесінің оң жақ тұсына екі рет оқ атады. Оның (ред. Артем  Дереглазов) айтуынша, екеуі бір-бірінен алыста тұрған», – дейді Әлиханның ағасы Асхат Қожагелдиев.
Әлиханның мүрдесін әскери бөлімнің командирлері алып келген. Олар қайғыдан қан жұтқан анаға ештеңе айта алмады.
«Ресми нұсқа бойынша, қатардағы сарбаз өзіне қол жұмсаған. Өскемен гарнизоны мен әскери прокуратура тергеу амалдарын жүргізіп жатқандықтан, өлімінің себебін айта алмаймын», – дейді 2017 әскери бөлімінің командирі Ерік Тұрғанбаев.
Әлихан Қожагелдиев колледжді қызыл дипломмен тәмамдап, биылғы жылы мемлекеттік грантты иеленіп, университетке түскен. Ол «есеп және аудит» мамандығы бойынша оқып жатқан екен. Анасына көмектесіп, оның үмітін ақтауды армандаған.
Командирлердің марқұмның туыстарына оқиғаның жалғыз куәгері Артем Дереглазовқа қатысты «өзін-өзі өлтіруге жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтқан. Ал желді тежегітші металл іздегіш құралдың көмегімен тапқан.
Stan.kz
21 қараша 2018 ж. 1 263 0