Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Басын жарып, көзін ойып алған: Қарызын алуға кеткен жігітті азаптап өлтірген

Басын жарып, көзін ойып алған: Қарызын алуға кеткен жігітті азаптап өлтірген

Алматы облысында қарызын алуға кетіп мерт болған жігіттің туыстары марқұмның  өліміне қарыз алушыны кінәлап отыр, деп хабарлайды КТК арнасының сайты.


Алматы облысында 24 жастағы жігіттің өліміне күдіктілер ұсталды. Зинур Хамитов өткен бейсенбі күні жоғалған. Ертесіне өлі денесі табылды.
Жақындары марқұмның денесін әрең танығандаын айтады. Зинур қарызын алмақ болып, содан үйіне оралған жоқ.
Зинур Хамитовтың анасы ұлының ұшқыш болуды армандағанын айтады. Алматы авациялық колледжін тәмамдаған. Алайда жүрегі ауыратын болғандықтан, бұл арманынан бас тартуға тура келген.
Бір ай бұрын компанияға су тасушы болып жұмысқа орналасқан. Ондағы  әріптесі Тұрсын 100 мың теңге қарыз алған.
«Зинур маған ешнәрсе айтқан жоқ. 22 тамызда көңілсіз болып келді. Қолхатын көрсетті. Онда Юсупов Тұрсынның 100 мың теңге қарыз ақша алғаны жазылған», – дейді анасы Альфия Хамитова.
Анасының айтуынша, Зинур 500 мың несие алып, оның 100 мыңын әріптесіне қарызға берген. Өзіне көлік алмақ болған. Алайда 23 тамызда қарызын алуға кетіп, мерт болды.
«Басын жарған. Тісі жоқ. Көзін ойған. Мазақ еткен», – дейді анасы.
Мәйітті қинап өлтіргені соншалық, туыстары әрең таныды.
«Оны жұдырықтап ұрмаған. Қолмен ұрып адам танымастай ете алмайды деп ойлаймын», – дейді  досы Мақсат Хамитов.
Жақындары Зинурдың өліміне қарыз алушыны кінәлап отыр.
Полицейлер 4 күдіктіні ұстады. Олардың бәрі кінәсін мойындады.
Stan.kz
28 тамыз 2018 ж. 1 842 0