Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодарда жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

Павлодарда жоғалып кеткен 21 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

Павлодар облысында жоғалып кеткен 21 жастағы Әнуар Мұқанов есімді жігіт өлі күйінде табылды. Бүгінгі таңда екібастұздық азаматтың туыстары қайғылы оқиғаның куәгерлерін іздестіріп жатыр деп хабарлайды Baq.kzагенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.
Екібастұз ауылдық аймағына қарасты Солнечный кентінің әкімі Маржан Алшымбаеваның айтуынша, жас азаматтың жоғалып кетуі туралы ақпарат 11 тамыз күні түскен.
«Біз іздеу жұмыстарын полиция қызметкерлері және еріктілермен бірлесіп жүргіздік. Оның мүрдесі женсенбі күні түстен кейін табылды», - дейді кент әкімі.
Әнуар Мұқанов жергілікті №2 мемлекеттік аумақтық электр станциясына қарасты кәсіпорында өрт сөндіруші болып еңбек еткен.
Қайтыс болған жігіттің ағасы Бауыржан Рахатовтың хабарлауынша, Әнуар бұл қызметті бір жыл бойы атқарып келеді.
«Ол 2-МАЭС-ның су қоймасына тәуліктік кезекшілігін атқаруға кеткен болатын. Менің ойымша, ол жұмыс бойынша нұсқаулықтан өтпеген. Себебі суда жүзе алмайтын адамды кезекшілік атқаруға жіберуге болмайды. Өкініштісі сол, құтқарушалыр отыратын шағын ғимаратта тағы адамдар болған. Олар ішімдік ішкен көрінеді. Әнуар темекі шекпейді, арақ ішпейді де», - дейді Бауыржан Рахатов.
Марқұмның туыстарының айтуынша, ол кешкі сағат 17.00-де достарына қоңырау шалған.
«Әнуарды алмастыруға келген әріптесі құтқарушылар үйшігінің ішінен өрт сөндіру бөлімінің қызметкерін мас күйінде тауып алған. Бұл үйшікте інімнің қымбат сағаты мен ұялы телефоны жатты. Оның денесі екі күн өткен соң су қоймасынан табылды», - дейді Бауыржан Рахатов.
nur.kz​​​
14 тамыз 2018 ж. 1 574 0