Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматы облысында жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

Алматы облысында жоғалған ер адам өлі күйінде табылды

Талғар ауданында жоғалған 39 жастағы ер адамның денесі табылды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Бұл жайлы «Қоғамдық қауіпсіздік кеңесі» еріктілер бірлестігінің жетекшісі Ислам Угушев айтты.
«Өкінішке қарай ер адамның өлі күйінде табылғаны расталды. Оны Талғар тоғанның жоғары жағынан өтіп бара жатқан адам тауып алды. Сот-медициналық сараптама нәтижесінде марқұмның денесінде зорлық белгісі жоқ болып шықты. Әкесі марқұмның ұлы екенін растады. Жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», – деді Ислам Угушев.
Құлатаев Максим Амангельдіұлы 6 шілдеде жоғалған еді. Ол үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.
Stan.kz​​​
31 шілде 2018 ж. 2 315 0