Шымкентте төрт ай бұрын жоғалған бала полицияға келіп, бар шындықты айтты

"Әкесі мен өгей шешесінің қолында тұрып жатқан бала отбасыда қысым көріп, зорлық-зомбылыққа ұшыраған, әрі қарай бұған төзгісі келмеген. Ақыры соңында үйінен кетіп қалуға бел байлапты", — деп хабарлайды Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Құқық қорғаушылардың айтуынша, әкесі баланың жоғалып кеткеніне бір жарым ай болғанда ғана полицияға арыз берген.
Жасөспірімді іздеген еріктілер оның осы уақыт бойы Алматыда болғанын пайымдайды.
Ювеналды полиция оқиғадан кейін баланың әкесін назарға алды.
Баланы дәрігерлер мен психологтар қарап жатыр. Сонымен бірге ер адам жауапқа тартыла ма және әрі қарай баласын тәрбиелей ала ма деген мәселелер шешілуде.
sputniknews.kz