Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » 2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МАХАББАТ ЖҰЛДЫЗНАМАСЫ

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН МАХАББАТ ЖҰЛДЫЗНАМАСЫ

Махаббат  пен сезім - бұл адамдарды барлық уақытта, әрдайым алаңдататын жайт, сондықтан 2019 жылға арналған сүйіспеншілік жұлдызнамасы болашаққа жақсы бағдар бола алады. Бүкіл өміріңді бірге өткізетін махаббатың қашан кездеседі және ол қай жерде орын алады, екінші жартыңды қайдан табу керек, үйленуді жоспарлаған жөн бе әлде ажырасу қажет пе - жұлдыздар дәл болжам жасайды, тек болжамды дұрыс түсіну қажет.

Тоқты
Тоқтылар оттың  тозаңында да, әсіресе сезімге келетін болсақ, ең жарқын және эмоциялы өкілдер болып саналады. Махаббатта тоқтылар  максималистер, олар тек қара немесе ақ түсті қалайды, жарты реңкті көрмейді, сондықтан олар үшін тамаша серіктес табу өте қиын. Және жеке өзі қаншалықты күшті болса, тоқтылар соншалықты өздерінің ұстанымынан және қыңырлығынан зардап шегеді. 2019 жыл тоқты үшін махаббат тұрғысында тыныш әрі қалыпты болатындығын уәде етеді, Шолпан планетасы да қатты әсер етпейді. Жұлдыздардың орналасуы тұрақтылықты, тағдырлы кездесулер мен негізгі оқиғалардың жоқтығын нақты көрсетеді. Бұл жыл бойы күтпеген неке немесе тез арадағы ажырасу түріндегі айтарлықтай түбегейлі өзгерістерді алдын ала қарастырмайды, бәрі бұрынғы орындарында қалады. 2019 жылы некеге тұру шешімін қабылдаған немесе байыпты қарым-қатынас бастауға шешім қабылдаған  тоқтыларға жұлдыздар сезімдерін уақытпен тексеруге асықпауға кеңес береді. Өзіңіздің сүйікті адамыңызды іздеген кезде эмоцияныңызға емес, оның жағымды қасиеттеріне көбірек назар аудару керек - ол өзіне сенімді болуы, кешіре білуі, сабырлы түрде талқылай алуы керек. Тек осылай ғана  екінші жартысына деген мызғымас пайым арқылы тоқтының  ашуланшақтық және ренжігіштік сезімдерін сөндіріп, қарым-қатынас ұзақ уақытқа созылады.

Торпақ
Торпаққа тән өкіл – бұл байыппен талқылай алатын, кейде сентименталды әрі сезімге берілгіш, бірақ бірбеткей, өз пікірі бар адам. Торпақтар өмірде серігін өзі сияқты сенімді, адал және тәртіпті жаннан іздейді. 2019 жылы торпақтарды махаббат тұрғысынан өзгерістер болмағанымен, айтарлықтай күшею күтіп тұр: біреулер әйтеуір баяғыдан бері ұнатып жүрген жанына өз сезімін білдірсе, енді бірі қарым-қатынастарын ұзарта түсуді заңдастырады, ал үшіншісі ажырасу жайында ойлап, екінші жартысына қатысты өзінің қатынасын қайта қарайды. Жұлдыздар барлық сүйіспеншілік бастамаларында оңтайлы жайттардың орын алатындығын көрсетіп тұр және сезімі мен эмоциясын білдіруде ұялмауға кеңес береді. Өйткені, әдетте байсалды торпақ өзінің сезімін жиі көрсете бермейді, оны бейтарап-жақсы қарым-қатынас маскасында жасырын ұстайды.
Астролгтар 2019 жылдың екінші жартысында, әсіресе соңғы айларда торпақтарда тағдыршешті кездесулердің өте көп болатындығына,  бүкіл өміріңді бірге өткізетін серіктің табылу мүмкіншілігінің жоғары екендігіне назар аудартады. Торпақтар үшін таныс-тамыр аясын кеңейтіп, өз өміріне бейтаныс адамдарды жіберуді үйрену маңызды. Толықтай алғанда, 2019 жыл торпақтарға неке қию, отбасын құру, мықты әрі байсалды қарым-қатынас орнату үшін қолайлы болмақ.

Егіздер
 Егіздерге жанында жарты сөзінен-ақ түсінетін, аумалы-төкпелі сезімнен қорықпайтын, қай уақытта жақындап, қолдау көрсету керектігін, ал қай уақытта үнсіз қалуды білетін рухтас адамның болуы барынша маңызды. Бұл жұлдызнама белгісі үшін махаббат машақаттары барынша ауыр келеді. Бұл ретте  жоқ жерден сәтсіздіктер, өкпе-реніштер жиі кездеседі. Дегенмен, егер егіздер өз ойын серігіне дұрыс жеткізе алса, онда мұндай келеңсіздіктерден жалтаруға болады.  2019 жылғы егіздердің сүйіспеншілік жұлдызнамасы барынша қолайлы. Жұлдыздар серігін дұрыс таңдаған жағдайда егіздер үшін барынша қызықты жайттардың көп орын алатындығына уәде беріп отыр. Егіздерге жердің тұрақты белгілері торпақтарға немесе тауешкіге (соңғысы еркек-егіздерге барынша қолайлы) назар аударған жөн. Олар кейіннен тамаша күйеу немесе әйел бола алады. Егіздерде бұл белгілермен көзқарас қарама-қайшылығы өте төмен. Табиғатынан құбылмалы балық, суқұйғыш сияқты белгілерден аулақ жүрген жөн. 2019 жылы егіздерде көптеген кездесулер мен танысулар болып, олардың біразы мығым достыққа, одан кейін некеге айналады. Бірақ, басқа жылы – доңыз жылында егіздер үшін үйлену тойының соңы жақсы аяқталмауы мүмкін. Ал неке мөрінсіз одаққа қатысты айтар болсақ, егіздер үшін барлығы да сәтті болады.

Шаян
Шаяндар өздері үшін махаббат пен жақын қарым-қатынас екінші сатыдағы мәселе деп реңк танытқанымен, іс жүзінде махаббат ғаламшары Шолпан бұл белгінің өміріне қатты ықпалын жүргізеді. Шаяндар барлығын да «сүйемін немесе сүймеймін» деген призма арқылы қабылдайды. Бірақ, бұл таным деңгейінде саналы түрде орын алады. 2019 жылды жұлдыздар шаяндар үшін махаббат машақатынан тыныш әрі еркін өтетіндігін болжап отыр. Көпшілігі оқуға ден қойып, жұмыс істеп те үлгереді. Қарама-қарсы жыныспен қарым-қатынас сезімсіз және эмоциясыз орын алғанымен, барынша сенімді әрі сатқындықсыз болады. Шаян туа біткен көшбасшы, бірақ, қоршаған ортадан өзінің амбициясын жасырын ұстайды. Сүйіспеншілікке келгенде шаян басым позицияда болуға ұмтылады. Сондықтан серікті жұмақ, әрі иілгіш жұлдызнама белгісінен таңдаған жөн. Жылдың үшінші  тоқсаны махаббат оқиғаларына барынша қолайлы. Осы уақытта жасалған неке мығым әрі ұзаққа озылады. Алайда, шаянның ықпалымен ғана бірқалыпты дамиды. Өзге жұлдыздар Шолпанның шаян үйіне ықпалын жауып тастайды. Сондықтан   2019 жылдан жұлдызнаманың бұл белгілеріне күшті әрі жарқын махаббат сезімін күтудің қажеті жоқ.

Арыстан
2019 жыл арыстандар үшін жақсы жаңалықтардың кезеңіне айналады. Шолпанның әсіресе жылдың екінші жартысындағы орналасуы неке қию немесе ұзаққа созылатын қарым-қатынастың басталу мүмкіншілігінің жоғары екендігін көрсетіп отыр. Айтпақшы, қазіргі уақытта заңды одақта болғанымен, мұнан арғы келешекті көріп отырмаған арыстандарға қатысты – ажырасу мен тез арадағы жаңа некеге кепілдік беріледі.  Арыстандар адамдарды өз өмірлеріне іріктеп барып жібереді. Олардың сенімділігі мен шынайылығын тыңғылықты тексереді. Бұл олардың басты проблемасы - жоғары талаптарды қанағаттандыратын адамды табу өте қиын. Жұлдыздар арыстан-әйелдерге арыстандарға өмірлік серіктес ретінде назар аударуға кеңес береді - бұл жұп бір-бірін толық түсінеді және толықтырады. Тауешкі мен бикештер арыстандарды шынай сүйеді. Арыстан-еркектерге мергендер тамаша үйлеседі, ол қатынастарды теңгерімді жасайды. 2019 жыл арыстандардың махаббат жұлдызнамасы үшін соңғы он жылдағы ең сәттісі болмақ, сондықтан сәттілікті жіберіп алмаңыз. 2019 жылы арыстандардың жасаған некесі ұзақ, табысты болады, серіктер ыл өткен сайын дұрыс таңдау жасағандықтарына көздері жете түседі. Мұндай мықты әрі мығым одақ арыстандарға бұған дейінгі жылдардағы сәтсіз қарым-қатынастардың қарымтасына берілген сыйлық десек те болады.

Бикеш
Ақылды әрі үнемшіл бикештер өздерінің ұсақ-түйекке, қоршаған ортаға кірпияздықпен қарауы салдарынан махаббат қарым-қатынасында жиі сәтсіздікке ұшырап жатады. Егер бикештер өмірлік серігін жұптағы тең құқылы серік ретінде көруге үйренетін болса, онда қарым-қатынаста тамаша серікке айналады. 2019 жылдың басындағы кезең махаббат тұрғысында айтарлықтай ерекше болмайтындығын көрсетіп отыр. Әсіресе Шолпан күн теңескеннен кейін бикештердің жұлдызнама үйіне ықпал барынша күшейте түседі. Осы уақытта тағдыршешті кездесулердің орын алуы ықтимал. Бұған қоса, жұлдыздар бұған дейінгі таныстармен, яғни бикештердің ескі таныстармен кездесіп, бір-біріне көз салатындығын көрсетіп отыр. Егер ол мерген немесе арыстан болатын болса, онда қарым-қатынас тез арада некеге немесе толыққанды отбасын құруға алып келеді. Шаянмен және тауешкімен көңіл көтеру сол деңгейде қалып қояды. Ал тоқты өзінің бірбеткейлігімен және амбициясымен бикештедің өмірін күрделендіріп жіберуі мүмкін. Сондықтан жұлдызнаманың бұл белгісінен аулақ жүрген жөн. 2019 жылдың толыққанды жұлдызнамасына қарағанда бикеш өмірлік негізгі ұстанымдарын қайта қараған кезде, серіктестеріне құрметтеуге, ұсақ-түйекке мән бермеуге үйренген кезде ғана махаббат майданында табысқа жете алады.  

Таразы
Таразы әдетте өмірдің барлық саласына күдікпен қарап, барлығына барынша дұрыс баға беруге тырысады. Олардың пайымынша, әрбір жағдайды түрлі ұстанымнан қарап, саралау қажет. Қателік жіберіп, бұрыс қадам жасаудан туындайтын қорқыныш олардың әрекеттерін барынша шектейді. Таразыларға махаббатқа келгенде барынша босаңсу керек. Сонда барлығы да тамаша әрі болжамға сай болады. Астрологтар 2019 жыл таразылар үшін жұлдыздар қаншама нақтылық бергеніне таң қалуда. Біріншіден, бұл жыл оның төңірегіндегі 7 жылдың (2016, 2017, 2018, 2020, 2021, 2022, 2023) ішіндегі неке қию үшін ең сәттісі болмақ. 2019 жылы жасалған одақ мықты әрі сенімді болады. Екіншіден, байсалды қарым-қатынас жасау үшін шаянды және сарышаянды таңдаған жөн. Үшіншіден, таңдау түскен жанның атының бастапқы әріпінің де зор маңызы бар. Егер ол А әріпінен басталатын– Анна, Алла, Алина, Антон, Анатолий, Иван, Инна  болса онда ол тамаша үйлесім табады. Таразылар сирек шәк келтіреді және сәтілілік үшін әрекет етеді. Дегенмен, шалыс басқан қадам олардың жанын жараламайды, қайта байыпты әрі мықты қарым-қатынасқа айнала алады.

Сарышаян
Сарышаян некеде және қарым-қатынаста ең күрделі серіктестердің бірі болып табылады. Алғашында ол өзінің артықшылықтары үшін бақыланатын және басқарылатын әлсіз серікті таңдайды, содан кейін ерік-жігерсіздігінен «жоқ» немесе «иә» деп айтуға қабілетсіз серіктен көңілі қалады. Сарышаян  бұл «сүйкімді» мүмкіндігін өте жақсы біледі, бірақ серіктестерін өзгертуді қалағандықтан, онымен күреспейді де. Егер сарышаян ақырында маңызды қарым-қатынас жасауды ойласа, онда 2019 жылы тек қана таразымен ғана үйлесе алады. Бұл неке ұзақ және бақытты болады, таразының  ауыспалы табиғаты саршаянның үстемдігіне оңай бейімделуі мүмкін.
Жұлдызнаманың басқа белгілерімен арадағы қарым-қатынас біржақты билікке тап болады. Еркін сарышаян (тек қана қарым-қатынас іздейтін немесе көңіл көтеру сатысында) өзінің әзіл-оспақ, ақыл-парасатымен өзгелердің жүрегін жаулайды. Сарышаянның махаббат қысымының алдында шыдап тұра алатындар аз. Сарышаянға  арналған жұлдызнама 2019 жылы басқа жылдардан еш айырмашылығы жоқ, барынша тыныш өтетіндігіне уәде етеді. Сарышаян  өміріне таразының араласуы ғана оның өмірін едәуір өзгерте алады.

Мерген
Мергендер некеге және тыныш отбасылық өмірге сирек ұмтылады, олар үшін барлығы да үнемі эмоцияға, буырқанған идеяларға, күрт өзгеретін жайттарға толы болуы тиіс. Мергендер табиғатынан үнемі әрі ауырпалықты өмірге асыға қоймайды: тұрмыс, отбасы, бала. Өйткені, бұл олар үшін өмірдегі кедергі келтіретін факторлар саналады. 2019 жылы мергендер әйтеуір отбасылық өмірдің ләззатын тауып, көңіл көтеру мен тұрақсыз қарым-қатынастан тиылғанына қуанышты болады. Тосын көрінсе де, бұл жылдағы одақ ұзақ әрі сенімді боларына уәде беруде. Әсіресе, бұл оның серігі торпақ пен тоқты болса, онан әрі күшейе түседі. Бұл жұлдызнама белгілері мергеннің ішкі әлемін жақсы түсінеді. Олар суқұйғыш пен балық сияқты назар салмағаны үшін тез ренжіп қалмайды, шаян мен бикеш сияқты отбасылы емес, арыстан мен тауешкі сияқты қатал да емес. Махаббат мәселелерін (неке қию, ажырасу, құдаласу) шешу үшін ең сәтті кезең жылдың жаз айлары саналады. Бұл уақытта Марс барынша аз ықпал етеді. Ал бірінші тұрғыда барлық ғаламшарлардың ішінен Шолпан шығады. Оның қамқорлығымен жылдың екінші жартысы махаббат тұрғысында табысты әрі сәтті болады.

Тауешкі
Жұлдыздар таушекілерге табанды түрде мансап жолындағы құлшынысты біршама төмендетіп, отбасы мен махаббатқа біршама көңіл бөлуге кеңес береді. 2019 жыл отбасы құру үшін, одан әрі некеге ұласатын байсалды қарым-қатынасты бастау үшін, өміріңнің соңына дейін бірге болатын, таңдағаныңа өкінбейтін серік таңдау үшін тамаша болмақ.
Тауешкілер бірінші кезекте өзінің орынды жүргенін негіздеп, жұмыста еңбекқорлық пен ерекше ақыл пайым көрсете біледі. Алайда тәжірибе көрсеткендей, өмірдегі маңыздысы бұл еместігін көптеген тауешкілер уақыт өте келе түсінетін болады. 2019 жыл тауешкі үшін жұмыстан демалыс алып, көп уақытты отбасыға арнайтын жыл болады. Тіпті басы бос тауешкілердің өзі үй жағдайын, ұзақ өрбитін қарым-қатынасты қалап жатады. Бұл жылы өз қарым-қабілетіңіз және жан дүниеңіздің жағдайымен алаңдамасаңыз да болады, махаббат қарым-қатынасында бәрі де ойдағыдай өрбиді.

Суқұйғыш
Әдетте суқұйғыш үшін өз отбасын құру қиынырақ, өйткені бұл белгі өз өмірінде басқа бір адамның ұзақ уақыт бойы тұралап қалуына үйренбеген белгі. Суқұйғыш үшін қысқа мерзімді көңіл көтеру қызығырақ. 2019 жылғы суқұйғыштардың махаббат жұлдызнамалары айтарлықтай жаңалық әкелмейді, өз ойымен оңаша қалғанды ұнататын болады. Суқұйғыштар алданып қалғанды ұнатпайды, күткенді де. 2019 жылғы құрылған отбасылар берік әрі ұзақ болатындығын астрологтар болжайды, сол себепті ойланбастан некеге отыруға болады. Көбіне көп ցуқұйғыштың бикешке не шаянға бүйрегі бұрады, ал торпақ пен арыстаннан қашық жүрген абзал.

Балықтар
Балықтар жайлы айта келе астрологтар олардың ақылдылығы мен түйсігінің мықтылығын тілге тиек етеді. Балықтар жұлдызнамасыз-ақ қиын сәтте қандай жол арқылы шығу қажеттігін айтқызбай-ақ біледі, тығырықтан шығады. Бұл белгі өте құпия, өйткені өн бойына бұған дейінгі он бір белгінің жақсы- жаман қасиеттерін жинақтаған. Сол себепті барлық жұлдызнама белгілері балықтармен тез тіл табыса алады. 2019 жыл балықтар үшін барлық жағынан табысты болады, махаббатта да. Бұрын қиындық туғызған некелердің мәселелері шешіле түседі, жаңа некелер берік әрі жақсы болады. Өз жартыңды шетел асып табу мүмкіндігін жұлдыздар ескертеді. Балықтар сарышаян, тауешкі, бикеш секілді от белгісіндегі жұлдызнама белгілерінен гөрі өзге белгілермен аралас-құраласқаны дұрыс, өйткені олар балықтарды жақсы түсініп, өмір сүруі мен дамуы үшін жақсы орта қалыптастырады.
reactor.inform.kz
30 қараша 2018 ж. 1 332 0