Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Неліктен бәріне бірдей ұнай алмайсың?

Неліктен бәріне бірдей ұнай алмайсың?

Айналасындағы адамның барлығына ұнағысы келетін адамдар бар. Бірақ мұндай адамдардың бұл қалауы жиі олардың өмір сүруіне және тұлға ретінде дамуына кедергі келтіреді. Олар басқалары үшін өз қызығушылықтарынан бас тартады және ішкі жан-дүниесінің даусына қарамастан басқалардың пікірін қолдайды. Бірақ бәріне бірдей ұнау мүмкін емес және бұл қалыпты нәрсе. Ендеше, неліктен бәріне ұнауға тырысудың қажеті жоқ?
Адамдардың ойлары субъективті
Адамның әлемге көзқарасына және айналасындағыларды қалай қабылдайтынына оның тәжірибесі әсер етеді. Ол жағымды да, жағымсыз да тәжірибе болуы мүмкін. Сондықтан да бір нәрсеге әрбір адам түрліше қарайды.

Сіздің құндылықтарыңыз, мінезіңіз немесе ойыңыз басқалардікіне сәйкес келмесе, бұл оларға ұнамауы мүмкін. Бұл қалыпты нәрсе.

Тамақ таңдаудан бастап араласатын ортасының қалыптасуына дейінгі өмірдің барлық аспектісінде субъективті пікір пайда болады. Ол болмаса, әр адам өздігінше ерекше болмас еді.

Сіздің біреуге ұнамауыңызға оның тәжірибесі де әсер етеді. Мысалы, сіздің бір жеріңіз оны бұрын сатып кеткен досына ұқсайды. Сіздің ол жағдайға еш қатысыңыз болмаса да, ол сізді себепсіз жақтырмайды.

Пікір субъективтілігінің тағы бір себебі — мәдениеттердегі айырмашылық. Әдетте, бір елдің адамдары басқа ел тұрғындарының бейімділіктеріне түбегейлі қарсы келеді. Сол үшін ішкі жанжал пайда болады: бұл олардың  бір-бірін түсінбеуіне және жақтырмауына әкеледі. Бұл қоғамдық фактор да бәріне ұнау мүмкін емес екенін көрсетеді.

Адамдар үнемі сынап отырады

Барлық адам болсын өімірінде бір рет болса да, басқаны сынайды. Мүндай әлеуметтік құбылыстың бірнеше себебі бар. Мысалы, біреулер басқаны өсектеу арқылы өзін жақсырақ сезінуге тырысады. Ал сынау әлемге көзқарастың түрлілігінен пайда болуы мүмкін. Адамның басқаның сынағаны емес, қалай сынайтыны маңызды. Себебі біреулер тек ойында немесе әдепті түрде жеткізеді, ал басқалары кемсітеді.

Өкінішке орай, адамдардың мұндай әдетке бейімділігіне ештеңе істей алмайсыз. Айналадағылардың бәріне ұнауға тырысудың қажеті жоқ. Себебі басқалардың пікірін өзгерту қиын, тіпті, кейде мүмкін емес. Адам бұлай әрекет ету арқылы негатив, қорқыныш, төмен өзін-өзі бағалау және басқалардың ойына тәуелділіктен басқа ештеңе алмайды. Оған қоса, оның басқаларға ұнағысы келуі мен жасанды қылығы байқалып тұрса, бұл жиі аяушылық тудырады.

Адамдар көре алмайды

Көре алмаушылық түрлі себептерден туындауы мүмкін. Бірақ адамдардың соған бейім болғандығынан, айналадағылардың бәріне ұнау мүмкін емес. Бұл сезім түрліше байқалуы мүмкін: біреулер көре алмайтын объектісін әдейі елемейді, басқалары өсек таратады, үшіншілері агрессиясын мен жақтырмайтынын ашық білдіреді. Ал объектінің өзі оған деген басқалардың мұндай қатынасының себебін түсіне алмайды.

Сені көре алмайтын адамдардың болатынын түсіну маңызды. Әсіресе, сіз бір орында тұрмай, әрқашан даму үстінде болсаңыз, мұндай адамдардан қаша алмайсыз. Бірақ оларға мән берудің және олардың көңілін табуға тырысудың қажеті жоқ.
27 қараша 2022 ж. 1 788 0