Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Сібір антициклоны әсер етеді. Қазгидромет үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Сібір антициклоны әсер етеді. Қазгидромет үш күнге ауа райы болжамын ұсынды

Қазгидромет алдағы үш күнге ауа райы болжамын ұсынды.
"Күшті антициклон Красноярск аймағының оңтүстігіне ығысып, оның батыс бөлігі Қазақстанның батысынан басқа облыстардың ауа райына әсерін тигізетін болады. Әдетте, антициклон ықпалынан ауа райы суық және жауын-шашынсыз болады, сондықтан алдағы үш тәулікте республикамыздың ауа райында айтарлықтай өзгерістер болжанбайды", — деп хабарлайды синоптиктер. Бұл аралықта батыс облыстары Кавказ аймағынан ығысатын атмосфералық фронттардың әсерінде болады. Сондықтан мұнда кей жерлерде жауын-шашын, көктайғақ болады және ауа температурасы шамалы көтеріледі. 

/sputniknews.kz/
05 желтоқсан 2018 ж. 1 126 0