Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы үш күнде еліміздің барлық қаласында қар жауады

Алдағы үш күнде еліміздің барлық қаласында қар жауады

Астана, BAQ.KZ."Қазгидромет" РМК синоптиктері 18-20 қазанға арналған болжамын ұсынды.

Суық арктикалық ауа массасының басып кіруі күннің суытуын және жауын-шашын болуына әсер етеді, әсіресе Қазақстанның барлық дерлік аумағында қар жауады. Алдағы үш тәулікте ауа райы күрт өзгермеуі мүмкін. Дегенмен, бұрынғыдай көптеген облыста жауын-шашын, әсіресе қар, көктайғақ, тұман және ауа температурасы осы кезеңге қалыпты температурадан 3…5°С төмен болады. Тек республиканың батыс облыстары көтеріңкі атмосфералық қысым аясында болады, сондықтан мұнда жауын-шашынсыз және жылы, ауа температурасы күндіз плюс 12…20°С дейін жылынады.

baq.kz
17 қазан 2018 ж. 1 323 0