Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Байқоңырда 9 жасар бала бассейнде көз жұмды

Байқоңырда 9 жасар бала бассейнде көз жұмды

Прокурор Александр Трифоновтың тапсырмасы бойынша бассейнде 9 жасар баланың қайтыс болу фактісі бойынша тексеру жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

22 желтоқсанда сағат 14:40 шамасында Орион бассейнінде қайғылы оқиға орын алды.

«Жүзу сабағы кезінде бассейнге баруға қарсы көрсетілімдері жоқ медициналық құжаттары бар бала кенеттен өзін нашар сезіне бастаған. Бассейн нұсқаушылары мен медицина қызметкерлері оған дереу көмек көрсете бастады. Шақыруға келген жедел медициналық жәрдем қызметкерлері баланың қайтыс болғанын айтты», делінген «Байқоңыр» кешені прокуратурасының хабарламасында.

Барлық қажетті зертханалық зерттеулерді жүргізе отырып, сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Сарапшының алдын-ала қорытындысы бойынша бала жалпы аурудың салдарынан қайтыс болғаны анықталды

Аталған факті бойынша Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің Тергеу бөлімі қылмыстық іс қозғады.
25 желтоқсан 2022 ж. 1 659 0