Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Елордадағы "Хан Шатыр" орталығының бассейнінде 9 жасар қыз суға батып кетті

Елордадағы "Хан Шатыр" орталығының бассейнінде 9 жасар қыз суға батып кетті

Елордада 9 жасар қыз «Хан Шатыр» ойын-сауық және сауда орталығындағы жағажайлық бассейнге батып кетті.

Оқиға бүгін, 3 маусымда, сағат 11:30-дың шамасында орын алған. 
Оқушы №10 мектеп-гимназияның мектеп жанындағы лагеріндегі балалар және тәлімгермен бірге суға түсуге келген. Сол кезде бассейнде 30-дан аса бала болыпты. 
Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған факт бойынша бірқатар сараптама тағайындалған. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 141-бабына (Балалардың өмір және денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз етуде міндеттерін тиісінше орындамау) сәйкес сотқа дейінші тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
03 маусым 2019 ж. 664 0