Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен бала өлі табылды

Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен бала өлі табылды

Қызылордада кәріз құдығына құлап кеткен баланың денесі табылды. Бұл туралы Stan.kz

ақпарат агенттігі хабарлайды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 2023 жылғы 25 қарашада жергілікті уақыт бойынша сағат 18:00-де құтқарушылар кәріз құдығынан 2015 жылы туған баланың денесін тапты.

"Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 18 қызметкері мен 5 бірлік техника, Апаттар медицинасы орталығы филиалының 3 қызметкері және 1 бірлік техника, ішкі істер бөлімінің 8 қызметкері мен 3 бірлік техника, жедел жәрдем бригадасы, "Қызылорда қ. су жүйесі", ал жергілікті атқарушы орган қызметкерлері оқиға орнына барды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Айта кетсек, 25 қараша күні сағат 13:24-те Қызылордада 8 жасар бала абайсызда орталық кәріз құдығына құлап кеткен болатын. Кейін іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізілді.

Фото: ernur.kz

26 қараша 2023 ж. 3 205 0