Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар». Қызылордада 28 жастағы ер адам сегіз күннен бері табылмай жатыр

«Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар». Қызылордада 28 жастағы ер адам сегіз күннен бері табылмай жатыр

Қызылордада 28 жастағы азамат сегіз күннен бері табылмай жатыр, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

28 жастағы Қалдыбек Сансызбайұлы Қайырбеков 1 наурызда үйінен белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері үйіне оралмаған. Қалалық полиция басқармасы оған іздеу салды.

Бойы – 1,80 сантиметр, шашы қара түсті, орташа денелі. Сол жақ бетінде қызғылт түсті қалы бар. Үстіне ақ күрте, ақшыл-көк түсті джинс шалбар, аяғына қара түсті кроссовка киген.

«Аталған хабарлама бойынша қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-75-20, 8-705-255-81-25 немесе 102 арнасына қоңырау соғуды сұраймыз», – делінген хабарламада.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Фото: syrboyi.kz
09 наурыз 2024 ж. 1 793 0