Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада 54 жастағы азаматқа іздеу жарияланды

Қызылордада 54 жастағы азаматқа іздеу жарияланды

Қызылорда облысында 23 наурыздан бері хабарсыз кеткен 54 жастағы азаматқа іздеу жарияланды. Бұл жөнінде Қызылорда облыстық Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
1966 жылы дүниеге келген Бектұрғанов Тұяқбай Укатшаұлы биылғы жылдың 23 наурызында үйінен жұмыс іздеу мақсатында белгісіз бағытқа шығып кеткен. Содан бері хабарсыз кетіп, үйіне қайта оралмаған.

«Осыған байланысты Қызылорда облысының полиция департаменті іздеу салады.

Жоғалған азаматтың белгілері – бойы 1,60-1,65 см, арық денелі, шашы қысқа қоңыр түсті, көзі қоңыр түсті, іш тұсында отадан қалған тыртығы бар. Ол қара түсті бас киім, қанық көк түсті куртка, қоңыр түсті жағалы жемпір, қара түсті джинсы шалбар, аяғына қара түсті кроссовка киген. Қандай да бір ақпарат немесе жүрген жері туралы мәлімет білген жағдайда 8(7242)-29-70-10, 8(7242)-29-75-20, 8(7242)-29-75-02, 8-705-255-81-25 немесе 102 телефон нөмірлеріне хабар берулеріңізді сұраймыз», – деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінен.
syrboyi.kz
11 сәуір 2021 ж. 438 0