Қызылорда облысында мектеп оқушысының өлімінен кейін екі әкім жазаға тартылды

Қайғылы оқиғаға байланысты облыс әкімі облыстың жасөспірімдер арасындағы қылмыспен неліктен күреспей жатқанын түсіну үшін жиын өткізді.
“Кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалған қылмыстар саны 30-дан 26-ға дейін азайғанымен, ауыр қылмыстар, керісінше, жыл басында, яғни наурыз айында Сырдария ауданына қарасты Амангелді ауылында болған құқық бұзушылықтар саны артқан. Жуырда Қызылорда қаласындағы Белкөл ауылында, Шиелі ауданындағы Қодаманов ауылында төбелесіп қаза тапқан жасөспірім балалар арасындағы қылмыстан бөлек, ұстаздар тарапынан болған қылмыс фактілері де ешкімді бейжай қалдырмауы керек”, – деп атап өтті аймақ басшысы.
Ақпарат көзі: kyzylorda-news.kz
Фото: baq.kz
Сонымен қатар кездесу кезінде таяуда Жалағаш ауданының мектеп оқушылары Түркістанға экскурсияға бара жатқандағы шағын автобустағы өрт оқиғасы да сөз болды. Сондай-ақ облыс әкімі жазғы демалыс кезінде жол қауіпсіздігін қадағалауды тапсырды.
Айта кетейік, Қызылорда облысы Төңкеріс ауылында 9-сыныптың оқушысы көз жұмғанын жазған едік. Марқұмның анасы “жоғары сыныпта оқитын балалар ұлымды ұрып-соғып, әлімжеттік көрсеткен” дейді. Алған ауыр жарақаттан жасөспірім ауруханаға жетпей жан тапсырған. Полиция қылмыстық іс қозғап, тергеу бастады. Күдікті ретінде 10-сыныптың екі оқушысы қамауға алынған.