Қызылордада газ жарылып, тұрғын үй құлады
Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлады облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.
Ведомствоның мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19.56-да Қызылорда қаласының әл-Фараби шағынауданында жеке тұрғын үйде газ жарылып, тұрғын үй қираған.
"4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр", – делінген хабарламада.
ТЖД ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.
Ақпарат көзі: informburo.kz
Сурет: sputnik.kz