Ресейде газ жарылып, 9 қабатты үйдің бір бөлігі опырылды

Ведомство мәліметінше, газ-ауа қоспасының жарылуы салдарынан ғимараттың екінші және үшінші қабаттары, сондай-ақ төртінші қабаты ішінара қираған. Сегіз адам жарақат алып, 170-тен аса тұрғын эвакуацияланған.
"Мәскеу облысы Ногинск қаласындағы көпқабатты үйде болған жарылыс салдарынан, қазіргі уақытта 8 адам зардап шекті, оның ішінде екеуі бала. 6 ересек адам орташа ауыр дәрежеде ауруханаға жатқызылды, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілген", - деп жазды РИА Новости.
Бұл ретте, жарақат алған балаларға ауруханада көмек көрсетілетіні, қажет болған жағдайда ауруханаға жатқызылатыны айтылған.