Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Бапкер Алексей Ни өмір бойына спорттан шеттетілді

Бапкер Алексей Ни өмір бойына спорттан шеттетілді

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Алексей Ни өмір бойына спорттан шеттетілді. Ол енді жаттықтырушы бола алмайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Тестілеу жөніндегі халықаралық агенттік Ниді шеттету туралы шешім шығарды. Себебі Алексей Ни халықаралық ауыр атлетика федерациясының допингке қарсы ережелерін өрескел бұзған екен. Соның салдарынан отандық ауыр атлеттер Илья Ильин, Светлана Подобедова, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза және Ниджат Рахимовтардың қанынан тыйым салынған препарат табылып, барлығы Олимпиада ойындарында жеңіп алған алтын жүлдеден айырылған еді.
Алексей Ни ұлттық құраманы 20 жылға жуық уақыт дайындаған. Ол Риода өткен төртжылдықтың басты додасынан кейін отставкаға кеткен еді.

10 қараша 2024 ж. 91 0