Алты жылға сотталған актер Асқар Жұмабек абақтыдан шықты
Алматыдағы караоке-бардың бірінде ұсталған актер Асқар Жұмабек бостандыққа шықты. Бұл туралы актердің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында айтты.
Атышулы оқиға 2022 жылғы 28 желтоқсан күні түнгі сағат 2 шамасында болған. Алматыдағы әл-Фараби даңғылының бойында орналасқан караоке-барда төбелес болып, актер Асқар Жұмабек алты жыл алты айға бас бостандығынан айырылған еді. Ол уақытынан бұрын қамаудан босатылды.
Алла ұлық! Алла ғажайып беруші. Алла – жалғыз. Сүйінші қазақ елі, менің жанашырларым, көрермендерім! Мен орталарыңызға қайта оралдым!, — деп жазды актер.
Ақпарат көзі: baribar.kz
Сурет: ашық дереккөзден алынды