Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ерке Есмахан өзіне сезімін білдірген актер жігітке жауап берді

Ерке Есмахан өзіне сезімін білдірген актер жігітке жауап берді

Ерке Есмахан осыдан біраз уақыт бұрын "Ережесіз әңгіме" бағдарламасында өзіне сезім білдірген отандық актер Шәріп Серікке жауап қайтарды. Әнші желіге жазба қалдырып, жас жігіттің ұсынысын қабыл алған.

Сұхбат барысында Шәріп Серік Еркенің арманындағы ару екенін мойындады.
"Мен өмірімде ешкіммен кездесіп көрмегенмін. Бұл шындық. Бірақ сәл аяғыма тұрып, үй салып алғасын үйленемін.

Даусы деген Ерке Есмахандыкы сияқты болсын. Көзі Еркенің көзіндей болса ғой. Мұрны Еркенікі сияқты болса ғой. Ерке, мен қазір түсіндім. Менің арманымдағы әйел сен ғой деймін", - деген болатын актер.

Ал Ерке Есмахан жас жігіттің сезіміне жауап беріп, оның өмірлік серігі болуына қарсы еместігін айтты.
"Шәкенти, бәрін таста, үйленейік!. Арманыңдағы әйел үйіңде мамаңа шай дайындап жүреді", - деп жазды Ерке Есмахан Instagram Stories-те.

Естеріңізге сала кетейік, актердің әншіге сезім білдірген сәті жұрттың қызу талқысына түскен болатын. 
alashainasy.kz
12 шілде 2019 ж. 3 138 0