Ақшаны таптап билеген Қайрат Нұртас пен Ерке Есмахан сынға қалды

Аталмыш бейнежазбада Ерке Есмаханның көйлегін сілкіп тұрып, билеп жүргені көрініс тапты. Әнші Қайрат Нұртастың қуанышында онымен жарыса билеген.
Шоу-бизнес жұлдызының бұл қылығы ғаламтор кеңістігінде қызу талқыланып, теріс пікірлерге ие болды.
Оқырмандар Ерке Есмаханның отбасылы адаммен майыса билегенін құптамай, бұған қатысты өз ойын ашық айтқан.
"Екеуі де мақтаншақ, шошақайлар" , "Осы Есмахан да жатпайды екен" , "Жұлдыз абайлашы, күйеуіңді тартып алмасын" , "Не жүріс мынау, шошаңдап. Тұрмысқа шығу керек бұл қызға, әр еркекпен билей бермей" , "Көрінгенге жабыса кетеді" , - деп жазуда көпшілік.Оған қоса, желідегілер әншілердің уыстап шашылған ақшаның үстінде билеп жүргенін аңғарып, тағы ашуға булықты.
"Аяқтарының астында ақша ма жатқан? Не деген көргенсіздік", "Халықтың ашуын көтересіңдер өздерің", "Жүрген мақтаншақтар, одан да мұқтаждарға көмектессеңдерші" , - деді олар.