Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Келе берші, айналайын": Ерке Есмахан сезімге берілуге дайын екенін айтты

"Келе берші, айналайын": Ерке Есмахан сезімге берілуге дайын екенін айтты

Ерке Есмахан махаббатын шақырды

Әнші Ерке Есмахан әлеуметтік желідегі парақшасына бейнежазба жүктеп, ғашығын шақырған. Өмірлік серігін күтіп жүрмесе де, оның келіп, өзін бақытты еткенін қалайтынын жасырмады өнер иесі.
"Махаббатты ешқашан күтпе, аяқастынан кез келген уақытта келе салады" дейді ғой білгіштер. Мен де күтіп жүрген жоқпын. Бірақ, осыны оқып отырсаң, келе берші, айналайын, мен баяғыда дайынмын. Жай видеода құлап қалған кезде жігітім жоқ екені есіме сап ете қалды", - деп жазды Ерке Есмахан.
Бейнежазбада өнер иесі құлап қалып, жұртты күлкіге қарық қылды. Мұны көрген желідегілер жарыса пікір қалдырды.
"Қай жерінде құлайды екен деп қарап отырсам, күлкіден жарылдым", "Шынайылығыңыз ұнайды", "Ерке, осылай өмірге еркелеп жүре бер" дейді олар.
http://stan.kz
30 мамыр 2019 ж. 1 085 0