Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Ара шағып алған ба": Басын сілкіп, шашын лақтырып билеген отандық жұлдыз жұртты күлкіге қарық қылды

"Ара шағып алған ба": Басын сілкіп, шашын лақтырып билеген отандық жұлдыз жұртты күлкіге қарық қылды

Басын сілкіп, шашын лақтырып билеген отандық жұлдыз жұртты күлкіге қарық қылды, 

Белгілі әнші Әділ Сламханның тойда шашын лақтырып, селкілдеп билеген бейнежазбасын әйелі Дана Маханбетова әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған.
"Осылай шашпен билей алу да өнер ғой, келісесіздер ме? Бұлай билеу оңай емес, қатты сөкпеңіздер. Әдекең Мадина әпкенің қуанышында қызық болсын деп билегені ғой! Салыңызшы деп сұраған соң салып отырмын!", - дейді Дана Маханбетова. 
Басын төмен салбыратып, сілкіп-сілкіп алған Әділ Сламхан түк болмағандай әнін жалғастырып кеткен. Бұны көрген жұрт күлкіге қарық болып, пікірді қарша боратты.
"Жасы келген ағалардың бұлай билегені көрген көзге ұят екен", "Тоқ болғаннан ғой құтыратыны", "Әділ мырза, еркекке тән қылықтар жасасаңызшы", "Ара шағып алған ба?", "Тоқтар аға мен Әділ ағаның биі жыл биі қатарына кірді", - десті жұрт.
http://stan.kz
23 мамыр 2019 ж. 953 0