Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » "Өскенде көке боламын": Димаш өнеріне тәнті болған күйші бала туралы айтып жұртты күлдірді

"Өскенде көке боламын": Димаш өнеріне тәнті болған күйші бала туралы айтып жұртты күлдірді

Димаш Құдайбергеннің өнеріне тәнті болған бала жұртты күлкіге қарық қылды

Әнші бұл бала туралы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. Ақтөбедегі балалар студиясының тәлім алушысы Әбілмансұр Құдайбергеннің арманы Димаштай болу екен.
"Ақтөбе музыка колледжінің жанынан құрылған балалар студиясының оқушысы - Әбілмансұр Құдайберген. Өскенде кім боласың десе көке боламын дейді. Көкеңнің жеткен жетістіктерінен де асып түсесің, Мансұрбай!" - деп жазды Димаш Құдайберген.
Кішкентай Мансұрдың талантына тәнті болған желідегілер Димаштың ізін қуғасы келетін жас өренге шығармашылық табыс тілеп, тілек білдірді.
"Керемет тәрбие, қазақи тәрбие алған балалар, ешқайда еліктемей-ақ әлемді бағындыруға болады, дәлелдеп жатыр", "Əлі-ақ бүкіл əлемді аузына қаратқан өнер иесі болады", "Көкесінің бөпесінен айналдық. Қазақтың атын әлемге әйгілеп, көкесі сияқты көкте қалықтай берсін", - десті жұрт.
http://stan.kz
22 мамыр 2019 ж. 1 324 0