Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » "Аудан бойынша менде ғана тон болды": Динара Қырықбаева "хит" болған киімін көрсетіп жұртты күлдірді

"Аудан бойынша менде ғана тон болды": Динара Қырықбаева "хит" болған киімін көрсетіп жұртты күлдірді

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасына бала күнгі суретін жүктеген. Суретте бала Динара үстіне үлкен күртеше киіп алып, томпиып отыр. Әнші бұл киім туралы анасынан сұрап жазды.
«Мама, не деген тон кигізиіп қойдың», - дейді ол.
Желі арқылы әнші анасынан да жауап алған.
«Жаным, бұл цигейка тон ол уақытта керемет еді. Өте тапшы болатын.  Ең жақсыны кигізуге тырысатынбыз. Аудан орталығында тек мен де ғана тон болған», - деп жауап берді әншінің анасы.
Динараның желідегі суретін көрген тыңдармандары күлкіге қарық болды.
"Маған да осындай ауыр тон кигізіп қоятын, құласаң, тұра алмайсың", "Бұл тон сол кездің хиты", "Жастайымнан тон киіп өскенмін деңіз", "Ондай тоны бар қыздар өзінше болатын", - деп жазды желідегілер.
http://stan.kz
15 мамыр 2019 ж. 1 079 0