Тоқаев қаза болған қорықшыны І дәрежелі "Айбын" орденімен марапаттады

"Өз міндетінде көрсетілген батылдық пен адалдық үшін:
І дәрежелі «Айбын» орденімен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторы Нуртазинов Қаныш Серікұлын (қайтыс болғаннан кейін) марапаттауға;
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Охотзоопром» РМҚК орталық аймақтық филиалының инспекторы Оспанов Самат Көшбергенұлын марапаттауға шешім қабылдаймын", - делінген мәтінде.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қайғылы оқиға 23 шілдеде Бірсуат ауылында болды. Ақмола облысында браконьерлер қолынан жараланған инспектордың бірі көз жұмды. Екінші жараланған инспектор ауруханада жатыр.