Тоқаев браконьерлер шабуылына тап болған қорықшылар туралы айтты

Сондай-ақ, президент қорықшы-инспекторлардың құқықтарын қорғау және браконьерлікке қарсы жазаны күшейту мақсатында заңнаманы қайта қарау қажеттігін атап өтті."Қорықшы-инспекторлар Қаныш Нұртазинов пен Самат Оспанов мемлекетіміздің табиғи байлығын қорғау жолында ержүректілік көрсетті. Олардың ерлігін мақтан тұтамыз! Қ.Нұртазиновтің отбасына көмек көрсетіледі. Оның есімі мәңгі жадымызда сақталады. Иманды болсын!", - деді ол.
Еске сала кетсек, Ақмола облысында браконьерлер шабуылы салдарынан "Охотзоопромның" бір инспекторы қайтыс болып, тағы бірі зардап шекті.
Жедел іздестіру барысында күдіктілер қолға түсті.