Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев бас прокурорға Арыстағы жарысқа кінәлілерді жазалауды тапсырды

Тоқаев бас прокурорға Арыстағы жарысқа кінәлілерді жазалауды тапсырды

Қазақстан президенті бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа қадағалаушы органның биылғы бірінші жартыжылдықтағы жұмыстарының нәтижелері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы мәлімет берілді.

Мемлекет басшысына Бас прокуратураның құқық қорғау органдарының қылмыспен күреске және қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге бағытталған үйлестіру функциясын күшейту жұмыстарының орындалуы жөнінде баяндалды. Сондай-ақ, Ғизат Нұрдәулетов азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау жөніндегі шаралар туралы есеп берді.
"Қазақстан президенті бас прокурорға Арыс қаласындағы жарылыстарға қатысты қылмыстық істі тергеу барысында әділдік пен заңдылықты қамтамасыз етуді және кінәлі тұлғалардың бәрін жауапқа тартуды тапсырды", - делінген хабарламада.
Қасым-Жомарт Тоқаев күш-жігерді азаматтардың құқығын қорғауға, сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономикаға қарсы күреске жұмылдыру қажеттігін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, дүйсенбі, 24 маусым күні, Түркістан облысы, Арыс қаласында ірі жарылыс болды. Әскери бөлімшенің оқ-дәрі қоймасынан шыққан жарылыстың себеп-салдары әзірге нақтыланбады. Министр бұл бойынша тиісті тергеу жұмыстары жүріп жатқанын жеткізді. Кінәлілер анықталса, оларға берілетін жаза – өте қатаң болатынын айтты
17 шілде 2019 ж. 849 0