Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев қазақстандықтардың құқықтарының сақталуын бақылауды тапсырды

Тоқаев қазақстандықтардың құқықтарының сақталуын бақылауды тапсырды

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Конституциялық кеңес төрағасы Қайрат Мәмиді қабылдады. Мемлекет басшысы қазақстандықтардың құқықтарының сақталуын бақылауды тапсырды,

Мемлекет басшысына биылғы бірінші жартыжылдықтағы елдегі Конституциялық заңдылықтардың сақталуын бақылау жөнінде мәлімет берілді. Кеңес төрағасының айтуынша, ел аумағындағы барлық іс-шаралар Конституцияға сәйкес өткізілген.
Қасым-Жомарт Тоқаев  Қайрат Мәмиге Конституциямыздың толық әлеуетін әлі де кеңірек қолдануға, азаматтардың құқықтарының сақталуын бақылауды назарда ұстауға тапсырма берді.
03 шілде 2019 ж. 593 0