Президент Тоқаев Дариға Назарбаеваны қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев парламент сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны, премьер-министр Асқар Маминді, Конституциялық кеңесінің төрағасы Қайрат Мәмиді, парламент мәжілісі төрағасының орынбасары Владимир Божконы қабылдады.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасының ішкі саясатына қатысты өзекті мәселелер талқыланды.