Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дариға Назарбаева сенат спикері болды

Дариға Назарбаева сенат спикері болды

Депутаттардың бірауыздан шешімімен Дариға Назарбаева сенат спикері болып сайланды. Дариға Назарбаева сенат төрайымы болып сайланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Дариға Назарбаева депутаттар арасында жасырын дауыс беру жолымен сенат спикері болып сайланды. Дауыс беруге қатысқан 44 депутаттың барлығы Назарбаеваның кандидатурасын бірауыздан қолдады.
"Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева Парламент сенатының төрайымы болып сайланды. Құттықтаймыз", - деді сенат спикерінің орынбасары.
Дариға Назарбаева бұған дейін сенаттың халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетін басқарған еді.Ал сенаттың бұрынғы төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін ел халқына ант беріп, Қазақстан президенті болды.
Дариға Назарбаева – Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен қызы. Ол 1963 жылдың 7 мамырында Қарағанды облысы Теміртау қаласында туған. Тарих ғылымдарының кандидаты, саясаттану ғылымдарының докторы. Қазақ, орыс, ағылшын, итальян, неміс тілдерін біледі.
2012 жылдың қаңтар айында депутат қызметіне келді. 2014 жылдың сәуір айынан бастап мәжілістің вице-спикері қызметін атқарды. Ал 2015 жылдың қыркүйек айынан бастап Қазақстан премьер-министрінің орынбасары қызметін атқарды. 2016 жылдың қыркүйегінде сенат депутаты болып сайланған.
sputniknews.kz
20 наурыз 2019 ж. 1 248 0