Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Маминге тапсырма берді

Президент Маминге тапсырма берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары  және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды. Қазақстан Президенті премьер-министрге шұғыл түрде Үкіметтің жаңарған әлеуметтік саясаты бойынша шаралар әзірлеуді тапсырды. "Бұл саясат халықтың өмір сүру деңгейін арттыру тұрғысынан тиімді болуы керек. Сондықтан, ол нақты мұқтаж жандарға ғана бағытталуы шарт", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.
https://kaz.tengrinews.kz
18 маусым 2019 ж. 877 0