Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкіміне тапсырма берді

Мемлекет басшысы Қызылорда облысының әкіміне тапсырма берді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаевты қабылдады,Мемлекет басшысына Қызылорда облысын 2022 жылға дейін кешенді дамыту жоспарының негізгі қол жеткізілген көрсеткіштері туралы есеп берілді. Сондай-ақ, әкім Қазақстан Президентінің өңірге жұмыс сапары барысында берілген тапсырмаларының орындалуы барысы туралы баяндады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыс халқының әл-ауқатын арттыруға және өңірдің экологиялық мәселелерін шешуге бағытталған тиімді шаралар қабылдаудың маңыздылығын айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті Қ.Көшербаевқа бірқатар нақты тапсырмалар берді.
28 мамыр 2019 ж. 915 0