Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

Дәурен Абаев жаңа қызметке тағайындалды

massaget.kz Дәурен Абаев ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды. "Дәурен Әскербекұлы Абаев Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалсын", - делінген Ақорда сайтында жарияланған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығында.
Сондай-ақ Мемлекет басшысының Жарлығымен Дәурен Абаев басқа жұмысқа ауысуына байланысты ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі қызметінен босатылды. 
Дәурен Әскербекұлы Абаев 1979 жылы Алматы облысында туған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін үздік бітірген. 2014 жылы Еуразия гуманитарлық институтын тәмамдаған.  2001 жылдың тамызы мен 2003 жылдың тамызы аралығында ҚР Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында жұмыс істеді. 2003 жылдың мамыры мен 2007 жылдың мамыры аралығында ҚР Әзербайжандағы және Нидерланды Корольдігіндегі Елшіліктерінде дипломатиялық қызмет атқарды.  2007 жылдың мамыры мен 2007 жылдың желтоқсаны аралығында - ҚР Сыртқы істер министрлігі Баспасөз қызметі бөлімінің басшысы.  2007 жылдың желтоқсаны мен 2008 жылдың желтоқсаны аралығында - ҚР Президенті Протоколының бас сарапшысы, консультанты.  2008 жылдың желтоқсаны мен 2009 жылдың қазаны аралығында - ҚРПрезиденті Баспасөз хатшысының орынбасары. 2009 жылдың қазанынан - ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы.  2011 жылдың қазанында Мемлекет басшысының Өкімімен ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды.  2013 жылдың шілдесінен 2016 жылға дейін ҚР Президентінің кеңесшісі - ҚР Президентінің Баспасөз хатшысы қызметін атқарды. 2016 жылдың мамырында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі болып тағайындалды. І-сыныпты бірінші хатшы дипломатиялық дәрежесі бар. Қазақ, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген. «Құрмет» орденімен марапатталған.

05 мамыр 2020 ж. 732 0