Тоқаев Ильинді төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрін тағайындады, деп хабарлайды Ақорда.
"Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлық мәтінінде.Ильин бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары болған. Ол төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер мәселесімен айналысты.

Үкіметке президент әкімшілігімен келісу бойынша қайта ұйымдастырылатын мемлекеттік органдар мен жаңадан құрылған төтенше жағдайлар министрлігі, сондай-ақ оларға ведомстволық бағынысты ұйымдардың арасында штат санын қайта бөлу тапсырылды.