Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Тоқаев карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін айтты

Тоқаев карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін айтты

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет басшысын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
Премьер-министр Асқар Мамин мемлекет басшысына қаңтар-тамыз айлары аралығындағы еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы баяндады. Осы уақыттың ішінде қайта өңдеу өнеркәсібі 3,3 процентке өсті. Соның ішінде машина жасау (16,3%), көлік құрастыру (51,8%), фармацевтика (34,1%), жеңіл өнеркәсіп (11%), химия өнеркәсібі (3,1%) және дайын метал өнімдерін шығару (18,8%) салалары бар.
Биыл Индустрияландыру картасы аясында жалпы сомасы 996 миллиард теңге болатын 206 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Осының арқасында өндіріс көлемі 1,3 триллион теңгеге, ал экспорт 325 миллиар теңгеге артады деген жоспар бар. Бұдан бөлек, 19 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары ашылады.
«Жыл басынан бері 71 мың жаңа үй салынды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 8,6 процентке артық. Ауыл шаруашылығындағы тұрақты өсім 4,9 процент құрады, азық-түлік өндірісінің көлемі 3,6 процентке артты», – дейді Мамин.  
Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша тұрғындарды жұмыспен қамту, кәсіпкерлік субъектілеріне қолдау көрсету, өндіріс үдерістеріне жаңа технологиялар енгізу, эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру мен карантин талаптарын біртіндеп жеңілдету маңызды екенін атап өтті.
kyzylorda-news.kz
16 қыркүйек 2020 ж. 649 0