Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі басталды

Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі басталды

 «Қазмедиа орталығында» Nur Otan партиясының кезектен тыс XX съезі басталды. Шара Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтеді. 

Шарада Парламент Мәжілісі сайлауына арналған партиялық тізімді, партияның сайлауалды бағдарламасын бекіту жоспарланып отыр.  
Күні кеше Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясының саяси кеңесі бюросының отырысы өткен болатын. 
Бюро мен Саяси кеңес отырыстарының нәтижесінде 126 кандидаттан құралған тізім бүгінгі Nur Otan партиясының ХХ съезінде ұсынылады. 
БАҚ съезд туралы «Қазмедианың» 21-қабатындағы баспасөз орталығынан ақпарат таратып отыр. Санитарлық талаптар барынша қамтамасыз етілген. 
Журналистер арақашықтықты сақтап, маска тағып отыр.
25 қараша 2020 ж. 692 0