Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Қалың қазақты толғандырған мәселеге Президент нүкте қойды

Қалың қазақты толғандырған мәселеге Президент нүкте қойды

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Рес­пуб­ликасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Осылайша, қазақ қоғамын жылдар бойы толғандырған жер мәселесі түбегейлі шешімін тапты.

Қазақстан Президенті жер мәселесі мен ел мәселесінің, яғни өзі айтқан «Халық үнінен құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасымен өзектес екендігін тағы бір мәрте аңғартты. Мемлекетшілдік саяса­ты­ның бірізділікпен жүзеге асатынын, оның нәтижесі халықтың ойымен қашанда үндесетінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа жағдайдағы Қазақ­стан: іс қимыл кезеңі» атты Қазақ­стан халқына Жолдауында «Жері­міз шетелдіктерге сатылмайды. Бі­рақ Үкімет ауыл шаруа­шылы­ғы жерлерін толыққанды эконо­ми­ка­лық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуге тиіс» десе, Ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесінің V оты­рысында сөйлеген сөзінде: «Хал­қымыз үшін жер мәселесі қашан­да аса маңызды. Бұл – мемле­кеттігіміздің берік негізі және қа­сиетті символы. Қазақтың жері ше­тел­діктерге сатылмайды деп бір­неше рет айттым. Бұл мәселеге қа­тыс­ты қауесеттерді тоқтату қажет», деген болатын. Сөйтіп Пре­зи­дент ше­телдіктерге және шетел­дік заңды тұлғаларға ауыл шаруа­шылығы жерлерін сатуға, жалға беруге заң жү­зінде біржола тыйым салуды тап­сырды. Бұл Прези­денттің заң шы­ғару бастамасы арқы­лы жедел түр­де жүзеге асырылуы қажет деп тауып, Президент Әкім­шілігіне дәл осы мәселеге байла­нысты тиісті заң жо­басын әзір­леуді тапсырды. Мем­лекет басшы­сының тапсырмасына сәйкес Парламент аталған заң жоба­сын қысқа мерзімде қабылдады.

egemen.kz
14 мамыр 2021 ж. 451 0