Қасым-Жомарт Тоқаев Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен барды. Бұл туралы Facebook парақшасында ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли жазды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Президент сапар барысында өндіріс кәсіпорындарының жұмысымен танысып, өңірдегі денсаулық сақтау және білім беру нысандарын аралап көреді», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы.