Президент Еуразиялық экономикалық одаққа байланысты заңға қол қойды
Қ.Тоқаев Арменияның Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуына байланысты заңға қол қойды, деп жазады Egemen.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуына байланысты оған өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.