Қ.Тоқаев: Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным жоқ

«Моноқалалардың экономикасын әртараптандыру айрықша маңызды. Басқа да салаларды дамытып, жаңа жұмыс орындарын ашу – аса өзекті мәселе. Бізде әлі күнге дейін моноқалаларды өркендетуге қатысты нақты ұстаным мен ортақ пікір жоқ», деп келтірілген Мемлекет басшысының сөзі Ақорданың Twitter-парақшасында.
Сондай-ақ мәлім етілгендей, Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр еліміздегі моноқалаларды дамыту бойынша баяндама жасады.
Ал моноқалаларды әлеуметтік-экономикалық дамыту ісінде «Самұрық-Қазына» қоры компанияларының рөлі туралы Алмасадам Сәтқалиев жеткізді.