Тоқаев Ұлттық қорға қатысты заңға қол қойды

Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдік берілген трансферт туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы "2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
Еске сала кетейік, 5 мамырда Сенат депутаттары "Ұлттық қордан 2022-2024 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы" заңды және 2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджетке түзетулер енгізу туралы шешім қабылдаған болатын.