"Канело" Головкинмен жекпе-жек жөнінде мәлімдеді

"Осында келіп, маған қолдау көрсеткендердің барлығына рахмет. Сіздерді әрдайым сабырлы болуға шақырамын, өйткені "Канело" – бұл кепілдік! Головкинмен жекпе-жек? Мен бұдан бұрын айтқанмын, ол мен үшін үлкен сын болып табылмайды, бірақ бизнес тұрғысынан қызықты болуы мүмкін. Көреміз", – деді Альварес.Еске сала кетейік, 11-ші раундта Альварес Ковалевты нокаутқа түсіріп, WBO тұжырымы бойынша жартылай ауыр салмақтағы жаңа әлем чемпионы атанды.
Осылайша, мексикалық төртінші салмақ санатында әлем чемпионы атанып отыр.