Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Әлем барысы»: Қазақ күресінде орыс палуаны чемпион атанды

«Әлем барысы»: Қазақ күресінде орыс палуаны чемпион атанды

«Әлем барысы» әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Ақтық сында отандасымыз Айбек Нұғымаров Ресей палуаны Роман Бобиковке есе жіберді, деп хабарлайды  inform.kz
Есте болса, өткен жылғы «Әлем барысы» чемпионатында Ресей палуаны Роман Бобиков Грузия палуаны Гурам Тушишвили боз кілемге шықпағандықтан үшінші орын алған еді. Сол жылдың 23-24 маусымында Батумиде өткен қазақ күресінен бірінші Еуропа чемпионатында ол 100 келіден жоғары салмақ санатына бас жүлде алған болатын.
Бұған дейін «Әлем барысы» әлем чемпионатының қола жүлде үшін белдесуде отандасымыз Мақсат Исағабылов өзбек палуаны Мухсин Хисамиддиновтен басым түскенін хабарлаған едік.
«Әлем барысы» чемпионатының биылғы жүлде қоры 20 миллион теңге. Жеңімпаз атанған балуанға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орын иегеріне 6 млн теңге және үшінші орын иегеріне 3 млн теңге, сәйкесінше күміс және қола белбеулермен марапатталады. Ал, «Жеңіске деген жігері үшін» атанған спортшыға 1 млн теңге беріледі. Сондай-ақ, жылдағы дәстүрге сай жанкүйерлер арасында автокөлік ойнатылады.
03 желтоқсан 2019 ж. 922 0