Криштиану Роналду карантинге жабылды

Бірақ ойыншының өзінде де, отбасы мүшелерінде де коронавирус белгілері жоқ. Бұл туралы Мадейра денсаулық сақтау министрі Педру Рамош хабарлады.
«Роналду бірнеше күн бұрын Италиядан кеткен. Оны оқшаулау Мадейраға келмей-ақ басталған еді. Әзірге одан да, отбасы мүшелерінен де ешқандай симптомдар байқалған жоқ», - деді Педру Рамош.