Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемнің қос мықтысы рекорд жаңартты

Әлемнің қос мықтысы рекорд жаңартты

Бұл күндері футбол әлемінде қос мықты саналып жүрген Криштиану Роналду мен Лионель Месси демалыс күндері кезекті рекордтарын орнатты деп хабарлайды massaget.kz.
Роналду өнер көрсететін туриндік "Ювентус" Италия чемпионаты аясында "Парма" командасымен кездесіп, 2:1 есебімен жеңіске жетті. Португалиялық ойыншы 43 және 58-ші минуттарда гол соғып, дубль авторы атанып қана қоймай, командасына жеңіс әперді.  Осылайша жеті матчта қатарынан гол соққан Криштиану Роналду кезекті рекордын жаңартты. Соңғы 15 жылда "Ювентустің" бір де бір футболшысы мұндай көрсеткішке жетпеген. Сондай-ақ "КриРо" Еуропаның ең мықты лигаларында 14 маусым қатарынан 15 голдан көп соққан алғашқы ойыншы атанды. Португалиялық футболшы 2006/07 жылғы маусымнан бері 414 гол соққан екен.
Оның басты бәсекелесі Лионель Месси де қарап жатпады. Каталониялық "Барселона" Испания чемпионатында "Гранаданы" жеңді. Матчтың тағдырын шешкен жалғыз допты Месси 76-ші минутта соқты. Бұл голдың арқасында аргентиналық футболшы Испания чемпионатында 16 күнтізбелік жыл бойы гол соққан алғашқы ойыншы атанды.
Әзірге Еуропаның үздік 5 лигасында тек үш футболшы Мессиден көп көрсеткішке ие. Криштиану Роналду – 18, "Верона" шабуылшысы Джампаоло Паццини мен " Бордоның" ойыншысы Джимми Бриан 17 жыл бойы үзбей гол соғып келеді.
20 қаңтар 2020 ж. 817 0