Месси Роналдудан асып түсті
Аргентина құрамасының әрі каталониялық "Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Испания чемпионатының "Эйбармен" қорытынды матчта (2:2) дубль жасадыБұл кездесуде аргентиналық клубтық деңгейдегі 601 және 602-ші голын салды. Бұл көрсеткіш бойынша ол туриндік "Ювентус" форварды Криштиану Роналдудан асып түсті, португалиялықтың есебінде қазір 601 гол. Бұл жетістікке жету үшін Месси 686 матч ойнады. ал Роналдуға 804 ойын қажет болды. 34 жастағы Роналду биылғы маусымда 43 матчте 28 гол салды. 31 жастағы Месси 49 ойында 50 гол соқты. "Ювентус" пен "Барселона" да һз елінде чемпион атанды. Екі футболшы да бір-бір ойынға қатысады. Осылайша,"Барселона" Испания кубогының финалында "Валенсиямен" кездеседі, ал "Ювентус" Италия чемпионатын "Сампдорияға" қарсы матчпен аяқтайды.
https://kaz.tengrinews.kz